06.10.2022
109
Мақтайсың түнгі жарқылды...
Мақтайсың түнгі жарқылды,
Орманың жақын жаныңа.
Дəріптеп құсын сан құлы,
Мінгендей аспан тағына.
Естідім мен де əуенін,
Даланың желі бірге есті.
Орманның алдым сəлемін,
Жаның мен жаным үндесті.
Əйтсе де тұтас ұқпадың,
Таныдым жаттық жанардан.
Қырда да сыршал құс барын,
Гүл барын небір сан алуан!...