06.10.2022
  127


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҰЙҚЫДАҒЫ АҒАШТАР

Аяз – алда,
Күз – артта,
Көңілді орман тыншыды.
Салбырап тұр құзартта
Көк аспанның тұмсығы.
Ормандағы бар ағаш
Ұйқыда тұр тұқырып.
Қалды олар жалаңаш,
Киімдерін сыпырып.
Қыс оларды өзінің
Көрпесімен ораған.
Естімейді жел үнін,
Ықпайды енді бораннан.
Оянады енді олар
Қыс ызғары кеткенде.
Найзағайы долданар
Ақ жаңбырлы көктемде.
Ағаштар да бейне бір
Адамдарға ұқсайды.
Адамдарша кейде бұл
Тыныс алып ұйықтайды.





Пікір жазу