06.10.2022
126
КӨЖЕК
Біреулерге түскі ассың бар болғаны,
Ненің күтіп тұрғанын сен білмейсің.
Байғұс көжек, панасыз, жоқ қорғаны,
Аяз қарып денеңді, бүрсеңдейсің.
Қасқыр, түлкі – қас жауың құтқармайтын,
Сен дегенде олардың серті күшті.
Қулығың да жоқ сенің тіпті алдайтын,
Күн менен жел, қар – ол да қорқынышты.
Көрер сенің қызығың да аз-ақ-ау,
Үлкен үрей – əрбір дыбыс, əр дабыр.
Жалтаңдаған, елпеңдеген көжек-ау,
Бұл дүниеде қорықпайтының бар ма бір.