06.10.2022
  129


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТЫНЫШТЫҚ ЖЫРЫ

Бесігіңді тербетемін, жан-тəніммен өбіп сені,
Құлыншағым, таянышым, қылығыңмен еліт мені.
Бар жүгіңді аянбай-ақ арқалар ем иығыма,
Сен жүретін соқпақтарды болжай алсам, көріп тегі.
Сен жүретін жолдарыңның кездеседі бұралаңы,
Босаңсымай, қайраттанған тайсалмастан жүре алады.
Тұр ғой қазір көктем күліп, терезеден самал есіп,
Бұйра-бұйра шаштарыңды ұйпалақтап қуанады.
Түс көрдің бе, кім біледі, жымиясың арайға орап,
Бұзылмасын тəтті ұйқың, ана көңіл алаңдамақ.
Түсіңде де күлімдеуің тірлігіме қуат беріп,
Көңілім тасып желпінеді біткендей-ақ маған қанат.
Осы бір сəт өзіңді ойлап көкірегім тебіренді,
Жер бетінде қанша ма ана сəбиіне еміренді.
Дүниенің тыныштығын күзетеді кірпік ілмей,
Сəбилердің бейқам сəтін бөлмегенін жөн көреді.
Алақанда аялаған гүлдеріндей жер-ананың,
Жайқалыңдар, өсіңдерші бақытты боп, балаларым.
Көкжиекте күн шапағын қалмасыншы бұлт торлап,
Жұмыр жердің тыныштығы күндіз-түні қалағаным.





Пікір жазу