06.10.2022
92
Сəбилердің тəтті түсін
Сəбилердің тəтті түсін
Түндер бойы күзетуді қалар ем,
Ұйқыдағы кейпі қандай,
Жадырап бір жымиғандай бар əлем!
Түн сипатын күлімдеген сол сəбиге балар ем.
Тілер едім желпігенін
Таңғы қоңыр самалдың,
Оятсыншы бейбіт əні тербеп оны ғаламның.
Шоқ-шоқ болып, от боп жанған
Гүл суарсын жанарын.
Жүрегіне ұялатып шексіз шаттық алауын.
Күйбең тірлік адамдардың
Санасынан боп ұмыт,
Тіршілікке құлшынса екен
Арманына жолығып.
Сол арманы тамыр жайып,
Жеміс беріп жатса екен,
Өмір деген қаракетпен, сонысымен тəтті екен.