06.10.2022
  124


Автор: Түрікмен поэзиясы

Ақ теректер айлы түнде жылайды.

Ақ теректер айлы түнде жылайды.
Бейшараны аямады жаз дəурен.
Менің жаным оған көмек сұрайды,
Қолдан бірақ не келеді, созғанмен.
Дауыл ұрып түн демей, күн құрғатпай,
Бір қатерді төндіруде ол мұнда.
Бірақ менің ақ терегім міз бақпай,
Тау секілді тапжылмай тұр орнында.
Біле алмадым жылайтынын неге оның?
Өкініштен өрт түсті ме жүрекке.
Іздей ме екен жапырақтарын, терегім,
Жел ұшырып алып кеткен түнекке.
Сұрағыма еш жауап жоқ. Меңіреу.
Жабырқаулы көңіл жібі сетілді.
Ілкіде бір іштен тынып еңіреу
Қайсарларға тəн қасиет секілді.





Пікір жазу