06.10.2022
  140


Автор: Түрікмен поэзиясы

ОЙҒА БАТУ

Тəтті күндер өте шықты байқатпай,
Оның дəмі əлі менің ернімде.
Нəзік гүлдер жанын қояр жай таппай,
Жанып жатыр, өндір еді-ау ол мүлде.
Жел қуалап тырналардың керуенін,
Жетім қалған ұяларды ұшырды.
Жасыл үйеңкі көркі кетіп енді оның,
Сарғыш тартқан өз жүзінен қысылды.
Таулар үстін басып алды сұр тұман,
Суық жүзбен ауыр алып жер демін.
Адаспайтын кеше келген жұртынан,
Өкпе артар тентек, өкпек желге кім.
Қайда кеттің, нұр шуағы көктемнің?!
Көріп тұрмын – қыс көрпесін жайды, əне.
Білмедік-ау біз қадірін өткеннің...
Əттең, бірақ өкінгеннен пайда не?





Пікір жазу