06.10.2022
147
Жүрегіме жүк қып артып ой мен қаракетімді....
Жүрегіме жүк қып артып ой мен қаракетімді,
Абыр-сабыр тіршілікті бастан кештім не түрлі.
Қаумалаған қуанышым, мұңымменен тірімін,
Алға аттадым Ағалыққа аяқ басқан секілді.
Шақырады соқпақтарым, сынағына төземін,
Əр адымның бір мен үшін құны қымбат, сеземін.
Əлі талай соқпақтардан өтетінім ақиқат,
Жұрт таңданар жақсы жырлар жайғанынша желегін.
Жон арқамды тер балады, жүрер əлі жол қанша,
Бекетіме жетпей тынбан, ойдан олжа салғанша:
«Сəлем саған, кешір мені, Ағалығым алғашқы,
Мені сапар күтіп тұр ғой Даналыққа барғанша!»