06.10.2022
  121


Автор: Түрікмен поэзиясы

Таң

Алтын таңмен арайлы
Жайқалар бақ балбырап.
Гүлдендіріп маңайды,
Анарлар тұр албырап.
Жылы сəуле түседі
Жемістерге мұндағы.
Апельсиндер піседі –
Күннің ерке ұлдары.
Сіңе берді күн шуақ,
Тəтті əуенге таң бөлеп.
Жұпар иісі бұрқырап,
Дөңгеленді əңгелек.
Мектепке əсем сəн беріп,
Көк теректер құлпырды.
Таң нұрымен əрленіп,
Күнге қарай ұмтылды.
Күн астында
Өрімдей
Ұл-қыздар да өседі.
Туған жердің төрінде
Қызық дəурен кешеді.





Пікір жазу