06.10.2022
  107


Автор: Түрікмен поэзиясы

Дауыл

Дауыл тұрып бір күні,
Құмды келіп суырды.
Тыңты ініне кірпіні,
Түлкі, қарсақ, суырды.
Дауыл тұрып,
Құм ұшып,
Аспанды да шаңдады.
Қырандар да ығысып,
Басқа жаққа самғады.
Дауыл тұрып,
Құм біткен
Сусып кетті дөңдерде.
Бөрілерді дүрліккен
Қуып тықты шеңгелге.
Дауыл əлек бастайды,
Ал, бөрікке абай бол!
Шопан бірақ саспайды,
Дауылыңа қарай ма ол.





Пікір жазу