06.10.2022
  103


Автор: Түрікмен поэзиясы

СЫБЫЗҒЫ

Егер тартып қараса,
Сыбызғы үні тамаша!
Дала ұйып тұр тыңдап.
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!
Құмымызға көктем кеп,
Болды бəрі көкпеңбек,
Жаңбыр жауды сыртылдап.
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!
Табиғаттың өз үні
Қуантты лақ, қозыны,
Шопан да жүр шаттанып.
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!
Таудың ерке самалы
Құмға өрнек салады,
Қандай көркем Отаным!
Ойна, сыбызғы!
Жырла, сыбызғы!





Пікір жазу