06.10.2022
165
![](/uploads/shorttexts/author_image/284830.jpg)
МЕНІҢ ЖЕРІМ
Күн аптабы тұрса дағы күйдіріп,
Ыстық деме, туысқандар, жерімді.
Жатса шөлдер аңызаққа сүйдіріп,
Ыстық деме, туысқандар, жерімді.
Жүректердің от-жалыны бұл ыстық,
Ер халқымның махаббаты туыстық.
Шөл далада құлпырып тұр қызғалдақ,
Амудария тұр себелеп күміс шық.
Дерсің қалай ыстық менің жерімді.
Туған жердің от үрлеген ауасы –
Еңбек сүйгіш əр жүректің дауасы,
Ыстық желге жалпаң жонын сүйдіріп,
Тыныстайды Түрікменнің даласы.