06.10.2022
152
![](/uploads/shorttexts/author_image/284830.jpg)
Тырналар
Аспанда тізіліп,
Ұшады тырналар.
Қараймын қызығып,
Ұшады тырналар.
Ауылдың үстінде,
Зымырап барады.
Жеткізбей ешкімге,
Тым ұзап барады.
Суретін салуға,
Қарындаш қолға алдым.
Ілеспей «шаңына»,
Үлгірмей мен қалдым.
Көп еді көк толы,
Ілезде жоқ болды.
Тырналар жай, тегі
Ұшсаңдар қайтеді?
Бар екен не қызық,
Алыс сол өлкеде.
Тырналар, тырналар?
Қайтыңдар тез ұшып,
Сүйікті өлкеме,
Тырналар, тырналар!
Əзірлеп баққа мен,
Бояуды ап келемін.
Тырналар, тырналар
Əндетіп оралар!