06.10.2022
213
КҮЗДІК БИДАЙ
Күз келгенде бидай ектім жерге мен,
Көп өтпей-ақ көктеп ала жөнелді.
Бір кедергі жолыққандай көлденең,
Ауру жандай жатып алды ол енді.
Ауру жандай көтерілмей ол қалды,
Жаңбыр жауса кəдімгідей нұрланды.
Аяз келіп оны біраз қорлады.
Түнге қарай мазасын бір жел алды.
Түнге қарай мазалады жел келіп,
Əлтіргісі келді бейне жауындай.
Сол қалпында тұра берді ол тербеліп,
Көктем деген жан досынан айырылмай.