06.10.2022
  123


Автор: Түрікмен поэзиясы

Бұлттар көшіп барады, қара бұлттар....

Бұлттар көшіп барады, қара бұлттар,
Арқасында олардың ауыр жүк бар.
Терлегендей болады анда-санда
Жерге келіп түп-түгел қонбаса да,
Жүгін бір-ақ əзірше тастамайды,
Алтын нұрын, жаңбырын бастамайды.
Су сұраған сəбидей гүлге келіп
Нұр береді болған соң өзінде ерік.





Пікір жазу