06.10.2022
136
КҮРЕК
Жарқырап тұр айнадай
Менің титтей күрегім.
Қара міне айнала
Жайнап толқып тұр егін.
Бақшам қандай əдемі,
Көміліп түр гүлдерге.
Менің титтей күрегім
Гүл өсірген бұл жерге.
Ұстарадай өткір ол
Жер қыртысын тіледі.
Шынығады еңбекте
Өткірленіп үнемі.
Жарқырайды қараңдар
Жүзі күнге шағылып.
Қызу майдан еңбекті
Тұрады ылғи сағынып.
Талантты жан күректен
Үлгі ал десем сөкпе сен.
Бересің елге нұр ғана
Мəңгі-бақи көктесең.