06.10.2022
  84


Автор: Түрікмен поэзиясы

Адамның баласы күннен-күнге санаң өсіп барады...

Адамның баласы күннен-күнге санаң өсіп барады,
Бар дүние таңырқады, бір өзіңе қарады.
Жерде туып, жер баласы атанып ең бір кезде
Шақырады енді əні мөлдір аспан күмбез де.
Мүмкін, анау жарқыраған жұлдыздарда көктегі
Сені күткен бейтаныс ел, бейтаныс жұрт көп тегі.
Мүмкін, мүмкін Марстың бір үлкен қонақ үйінде
Нан күтеді, дəм күтеді жаңа піскен күйінде.
Ұшуға сен үйрендің ғой, таласа алмас жел де енді,
Жаңа дүние, қызық дүние күтіп тұр ғой сендерді.





Пікір жазу