ШӨЛ ДАЛА – КЕҢ ДАЛА
Бұрынғы күлкің жоқ,
Тұнжырап қаласың.
Сен менен біртіндеп
Алыстап барасың.
Жүзіңе көз тастап,
Еріксіз ойланам:
Мен қалай жалғаймын
Жүректер арасын?
Ойлаймын:
Сүймейді, сүймейді!
Бөтен бір жандаймыз,
Тым салқын.
Кім жазар шиырын,
Кім табар қиюын,
Ұғысар жүректің
Кілті алтын.
Мен біздің отбасы
Драмасын көп ойлап,
Күндіз-түн шоқ басып
Жүргендеймін со бойда-ақ.
Кеттім енді.
Ал бірақ
Қызыққам жоқ ақшаға,
Атаққа да, басқаға.
Мен мына өмірде
Күйбің тірлік кірінең
Сарқырама бұрқақтың
Астында тұрғандай тазардым.
Мереке ме,
Жай күн бе,
Сенен хабар болмасын
Біліп жүрдім мен əр күн.
Жүргеннен соң жер басып,
Жақсы мен жаман алмасып,
Өтеді екен бұл өмір
«Иə» мен «Жоқтан» тұрғандай.
Көре-көре өмірдің
Талай сырын мен білдім,
Үйрендім де дүниеге
Басқа көзбен қарауды
Бейне қайта туғандай.
Бригадамен үнемі
Жүрдім жазғы аптапта,
Тоңдым қысқы қатқақта,
Бар көргенім сол ғана.
«Адам бол!» – деп
Адамға
Айтады дайым ал онда,
Шөл дала – кең дала.
Жоқ,
Саяхатшы дей қоймас
Мені ешкім.
Муза менен лираның
Елшісі де емеспін –
Мен онда соңғы үзім нанымды
Достарыммен бөлістім.
Бостан-босқа,
Тектен-тек
Қиындық көрдім демеспін.
Жалғап жолдар арасын,
Емдеп көңіл жарасын,
Бақыт пенен уақыттың
Қадірі мен бағасын
Білдім деп мен айта алам.
Жүріп алыс шалғайда,
Түсіндім мен
Алайда
Алыстап кеткен жүректер
Жақындасарын қайтадан.
Алыс жолдан мен енді
Адамдарды,
Өмірді
Басқа көзбен барлаған –
Өзге жан боп оралам.
Маған сынай қараған
Қымбаттымның көзіне
Сенім отын жаға алам.