06.10.2022
124
ТАҢ СƏРІДЕ
Қойтен тауға қонақтады күн алып,
Шық əп сəтте ұшты көкке буланып.
Көр Лебабта, тұр шуақпен нұрланып,
Санаң соқпа сұлулықтан құр қалып.
Туған мекен! Махаббатым, мерейім,
Келбетіңді белге шығып көрейін.
Суықторғай қыстап шыққан үйімді
Келтіреді сұлу саздың мəнерін.
Нұр шұғыла жүрегімді баурап ап,
Ғажайыпқа тоя алмадым мен қарап.
Күліп аққан ағып сулар əндетіп,
Туған жердің жатыр қырын аймалап.
Жаһұттай боп жалт-жұлт етті маңайым,
Қарашы əне, атқан таңның арайын.
Иіледі арынды өзен Əму де
Лебабымның сүймекші боп самайын...