meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.10.2022
  147


Автор: Түрікмен поэзиясы

ШЫҚ

Мақташы көрсе таң шығын,
Балапты жақсы ырымға.
Мақтаға қонған тамшыны
Ырызғымыз деп ұғуда.
Соқпақты бойлап ілгері
Келемін жүріп, таң шағы.
Мақтаның жапырақ, гүлдерін
Көмкерген шықтың моншағы.
Өрт болып жанды күнің де,
Еңбекпен ерлер серпілмек.
Əйелдің күрең жүзінде
Тер тұрды шықтай мөлтілдеп





Пікір жазу