06.10.2022
  91


Автор: Түрікмен поэзиясы

КӨМЕКШІМ

Ақша бұлттай ақ мамық бесігіңде
Ұйқыдасың, ақ ботам – келешегім,
Айта алмайтын сен əлі есімін де
Кейіпкермен ұзақ түн кеңесемін.
Шам нұрына шалықтап, езу тартып,
Жымиясың кірпігің дірілдейді.
Шабыттанып мен сонда кетем шалқып,
Өмір сен боп – өлең боп күлімдейді.
Мақпал қара түндерде маужыраған,
Мен жырлаймын елімнің тың істерін.
Өлкемдегі əрбір сай, тау, жырадан
Жыр-самал боп еседі тыныс-демің.
Сызат беріп сұлу таң көтерілді,
Түн сырының жоқ оған көмескісі.
Тек сен, ботам, сезбейсің екеніңді
Үлкен істің кішкентай көмекшісі.





Пікір жазу