06.10.2022
  141


Автор: Түрікмен поэзиясы

ШІРКІН АДАМ

Шіркін адам – дүниенің тұлғасы,
Керемет қой құдіретің, келбетің,
Шіркін Адам – дүниенің құрдасы.
Гүлге орадың мынау жұмыр жер бетін.
Қатпар-қатпар таулар–сенің маңдайың.
Мəңгі бақи жасап келе жатырсың,
Тоңсаң– шілде, ыстықтасаң қар дайын,
Дихансың сен, ақынсың сен, батырсың.
Жер ұйқтады, сен əлдилеп тербесең,
Сенсіз тіпті тіршілік жоқ əлемде.
Құдірет боп жаралдың да жерде сен,
Күн мен Айды айналдырдың төбеңде.
Шіркін Адам, аспан дағы ақыры,
Сенің тəтті əніңменен ұйып тұр.
Мынау шексіз дүниенің ақылы
Жұдырықтай басқа қалай сыйып тұр?





Пікір жазу