06.10.2022
119
ЖАЙРАН
Көк шалғынды жапырып,
Үрке безген бір аң бар.
Оқтан қашқан жайранның
Өзі емес деп кім айтар.
Не істеуді ол білетін
Қатері мол шақтарда.
Бой тасалап жүретін
Сіңіп терең шатқалға.
Еңісінен Хасардың
Ойға қарай зырлады.
Кенет... тоқтай қалды да,
Құлақ түріп тыңдады.
Бəлкім, аңшы көрсоқыр
Сұлулыққа оқ атқан.
Алтын жайран қалды ма
Жараланып сол оқтан?
Жоқ... тұйдұқшы саз тартқан
Көз салмастан текті аңға.
...Əсем саздың əуені,
Өткірсің-ау оқтан да.