06.10.2022
  153


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАР

Ауыл үстін басып салды қалың қар,
Қалың қарда белуырдан адымдар.
Қайда кеткен, көрінбейді жол, қырат,
Құс қанаты қатты аяздан салбырап.
Бар маңайды қар тұмшалап, мұз жапқан,
Балалардың қабағына сыз қатқан.
Олар, əне, əрең шығып жылы үйден,
Бүрсиіп тұр аулаларда бір-бірден...
Бірін-бірі көзбен бағып, тұр күтіп,
Бірінші боп кім шығады ырғытып.
Арқасында сөмкелері,
Байқастар:
Бірінші боп мектепке кім жол бастар.





Пікір жазу