06.10.2022
  114


Автор: Түрікмен поэзиясы

НЕБИТДАГҚА

Қанат қақты жас қала түрілді де түнегі,
Ақ шағала – үйлері, күлімдейді күн елі.
Ақыл, білім жемісі – жарқырап шам жанады,
Көлік зулап даңғылда, жапан дала түледі...
Көлеңкесі көбірек, аздау күннің арайы
Кешегісін де ұмытпан, көрінсе де жабайы.
Қатал өлке деп оны жазғырмаймын ешқашан,
Туған жерім бұл менің
Отаным боп қалады.
Шалқыған көк теңіздей
Көзді арбайды құмды алап,
Қысы да оның қаһарлы,
Аптабы да тым ғажап.
Түгесілмес қазына
Жатыр құмдар астында,
Біз білеміз байлығын, тани алдық бір қарап.
Төрелігін айта алмас төбе би боп жат кісі,
Күнге өртеніп құм жатыр
Қуырылып апшысы.
Алтын сандық бар онда ашылмаған қақпағы,
Қазынасын ала алсақ қонар басқа бақ құсы.
Əурешілік, қайғы да өткінші əрі оған жат,
Көктем ерте шығады, қыс қала алмас табандап.
Құмның əрбір демі де
Қуат беріп еліме.
Мөлдіреген кіршіксіз махаббаттан жаралмақ.
Туған мекен өзіңнен
Жүрсем жырақ, шалғайда,
Саған сеніп тапсырам мұңым болса қандай да.
Құлақ түріп кеудеме жүрегімді тыңдасам,
Құм теңізі дөңбекшіп,
Жел əндетіп ойнай ма...





Пікір жазу