06.10.2022
140
Жел
Құм шашасың желпілдеп, құтырғаның жөн бе, жел,
Мұнайлы қала даңқына күшің бар ма тең келер?
Ғимираттар ғажайып бой көтерді аспанға,
Шаңды қолаң сумаңдап, құлшынасың ластауға.
Біздер еккен теректер сап түзеді, болды абат,
Жуасиды құйының, долылығы жолда қап.
Бұтақтарын жаяды, жапырақтары көлбейді,
Əлі-ақ олар: «Басыңды ій, желікпеген, жел!» – дейді.