06.10.2022
120
КӨПЕТДАҒ
Қанатын жайып сыланып,
Қияда қыран шүйілді.
Ақ тасың жасқа шыланып,
Қабағың кейде түйілді.
Өйткені əрбір ғасырдың,
Томдары жатыр төсіңде:
Іздерін бізден жасырдың,
Сырларын сақтап есіңе.
Құз-шатқал, қатпар тасыңда,
Хатталмаған сырлар көп.
Кездім ғой талай жасымда,
Сездің бе мені жырлар-деп?
Кездесем елмен күніне,
Еңбегім болса татымды.
Жоғалмас кітап біріне,
Жазып қой менің атымды.