06.10.2022
  177


Автор: Түрікмен поэзиясы

ІШІП АЛЫП МАХАББАТТЫҢ ШАРАБЫН

Ақ бөкендей қия таста ойнаған,
Асау өзен тасты қуып ағады.
Анау жаға, құмарлығын қоймаған,
Шақыра ма, қос қабағын қағады.
«Қайда безіп сылаңдайсың, сүйіктім,
Кəне, маған бір ескерткіш қалдыршы.
Отын сөндір жүректегі күйіктің,
Өзің келіп сусынымды қандыршы!»
Дейді жаға, суға қарай үңіліп.
Жас жігіттей ұзақ күткен серігін.
Мақсатына жетпесе де түңіліп,
Əлгі күнге жоғалтпайды сенімін.
Көрмейсің бе жанарыма жас толып,
Бір сұлуға ғашык болдым, қарағым.
Мен де жүрмін күдер үзбей, мас болып –
Ішіп алып махаббаттың шарабын.





Пікір жазу