ТУҒАН ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫ
Жайқын теңіз, тұрып жағаңда,
Көкірегімді тосам сабат самалға.
Көктемімді көз алдыма келтірем,
Өткенімді сонда есіме алам да.
Анамның да көрсем сенен мен ізін.
Ол құйғанда бесігіме лебізін,
Сенің асау шуыңды да құйыпты,
Қарт Каспийім, менің шалқар теңізім!
Шаттығым ғой – сенің əрбір көктемің,
Көрем сенен толқындардың өктемін.
Көркем, саған кербез аққу келгенде,
Өлкеміздің думан болып кеткенін.
Қымбатсың-ау маған байтақ кең өлкем,
Қымбат тіпті өзің түгіл көлеңкең...
Таң алдында теңіз кетсе балықшы,
Сол сəттегі сəулетіңнен не көркем!
Көрем сенің ауылыңның оттарын,
Көрем завод жүрегінің соққанын.
Бүгін сенің жағаң толы құрылыс,
Көрем содан ел бақытын, көп қамын.
Жүрегімде жатыр сенің лебізің,
Табам одан өз жырымның егізін...
Мен қашанда бір өзіңмен біргемін,
Туған Каспий, туған шалқар теңізім!