06.10.2022
  146


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТҮРІКМЕНСТАН

Шықтым бүгін сайраныңа,
Назар салдым жан-жағыма,
Дастан жаздым сен жайында,
Бақытты өлкем, Күншығыста,
Түрікменстан, Түрікменстан!
Елік ойнар шөлдеріңде,
Үйрек жүзер көлдеріңде,
Сансыз қазына бар жеріңде
Зор байлықтың жүйесі сен,
Көп мүліктің иесі сен.
Небиттаудың жарық шамы,
Содан нұрлы оның маңы,
«Қара алтын» Челкен жағы,
Келе жатыр керуендері,
Көркейеді Түрікмен жері.
Хазарым, көп ажар, сəнің,
Тыңдап едім құстың əнін,
Балықшылар қайықтарын
Толқындарға қарсы салып,
Бара жатыр суды жарып.
Миуалы бақ-бауларың бар,
Басы қарлы тауларың бар,
Көктем келсе гүлің жұпар,
Саған аңсап келер мейман,
Түрікменстан, Түрікменстан!
Көп ғасырлар азап шеккен,
Ұл мен қызың жасын төккен,
Ауыр азап белін бүккен,
Зор зұлматты көрді халқым,
Жасымады, тұрды халқым.
Бізге қолын созды орыстар,
Украиндықтар, белорустар,
Туысқан жұрт, қымбат достар
Тізе қостық, көрдік жарық,
Еркіндік пен теңдік алып.
Көркіңді, өлкем, көрсем сенің,
Ақ мақталы əсем жерің,
Неше түрлі машинаның
Кемедей боп жүрген жүзіп,
Мақтаны тау етіп тізіп.
«Ақ алтынның» мекенісің,
Абырой – даңқ еткен ісің,
Тонна санын көбейткенсің,
Женісіңді баяндадың,
Сертке жеттің – аянбадың.
Режепгулы, даңқың шықты,
Оразкелди, тыңғылықты,
Алладурды, Язгул – мықты
Жандар туды əрбір тұстан,
Түрікменстан, Түрікменстан!
Білген өлкек өнер затын,
Тері, кілем, жүйрік атың,
Тəтті тағам тамсанатын
Көпке таныс, жұртқа мəлім,
Сап-сары алтын топырағың.
Мая əн салса, үні қандай,
Мыллы ағаның күйі қандай,
Балғын көктем күні қандай,
Жұрттың жыр мен өледі сол,
Өрнек төгер өнерлі қол.
Ғазиз өлкем, жаса мəңгі!
Думан жаса, шырқат əнді,
Өмір саған сыйын тартты,
Даңқың бүгін аспанға ұшқан,
Түрікменстан, Түрікменстан!





Пікір жазу