06.10.2022
  108


Автор: Түрікмен поэзиясы

ТУЛА, МЕНІҢ КАНАЛЫМ

Көктем келсе, көктем қызы гүл келер,
Бұлттар ойнап, жауын құйып, түрленер.
Толқын атып тула, менің каналым,
Еркін халқым мейрамымен бір келер.


Жиектегі терек, шынар қарасып,
Үйрек ұшар қанаттарын сабасып,
Толқын атып тула, менің каналым,
Жағаңа кеп сүйісер ғашық жарасып.
Жиегіңде алма ағашы гүл жарып,
Қарақұмнан алтын шығар нұрланып,
Толқын атып тула, менің каналым,
«Ақ алтынмен» кетер өңің нұр жанып.
Жиегіңде қой-қозылар жамырап,
Бұлбұл гүлге əнін айтар жадырап,
Толқын атып тула, менің каналым,
Ақындар да дастан жазар дамыл ап.
Жиегіңе туған халқым қоныстар
Бір-біріне Каспий, Жейхун тоғысар,
Толқын атып тула, менің каналым,
Даңқыңменен даңқы Отанның толысар!





Пікір жазу