06.10.2022
  91


Автор: Түрікмен поэзиясы

КӨКТЕМ

Көктем, көктем, гүл-көктем,
Көктемдей бұл шақ бар ма?
Қызыл арай нұр көктен
Құйылғандай бақтарға.
Жайнасын деп бақ іші,
Нұрды аямай төккен күн.
Бұлбұл құстың дауысы
Күлкісіндей көктемнің.
Көк өзендер гүрлетіп,
Келе жатыр асып тау.
Қыз қалқаның гүл беті
Күн көзінен ашықтау.
Балқұрақтар ырғалып,
Балбыраса қыз өңі,
Келе жатқан нұрланып,
Көктем дейміз біз оны!





Пікір жазу