06.10.2022
  148


Автор: Түрікмен поэзиясы

БАТЫР АНАСЫНА

О, сүйікті жарқын ана, алтын ана,
Дүниеге зор тұлғалы бердің бала.
Сен оған жеміріліп, жеңілмейтін,
Батырдың бердің рухын, бердің кейпін
Əлдилеп нəрестеңді тербеткенде,
Жыр ғылып арманыңды əндеткенде.
Балаңның күннен сұлу, отты жүрек,
Шыншыл боп өсуін еттің тілек.
Сен оған айттың талай: «Тыңда балам,
Өмірдің өр ерлгін бердім саған!»
Үстін оның шəй жібектен жауып жатып,
Бетінен сүйдің талай шопылдатып
Дедің сен: тілегім дұрыс келгей,
Батыр болса, болсын ол Рүстемдей.
Міне, қанша, содан бəрі өтті жылдар,
Сен қуанар даңқты, тəтті жыр бар,
Балаң сенің алыптай, арыстандай
Жауға ойран салып жүр қалыс қалмай.
Ерліктің лаулап оты реңінде,
Кек өзені тулайды жүрегінде.
Болған соң ер азамат тыңдасын ба,
Қарамай көк дауылға, бұрқасынға,
Жауға жетіп барады дүбірлетіп,
Қылышы нажағайдай жарқ-жұрқ етіп.
Сен айтқан бесік жырын ұмытпады,
Қасқайып Рүстемдей ту ұстады.
Бəріміздің бар бір арман, бір мұңымыз –
Па, шіркін, осындай болса ұлымыз!





Пікір жазу