06.10.2022
  101


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЛАТВИЯДА

Уа, ассалаумағалайкүм,
Латвияның жүрегі,
Копетдагтың шыңдарынан
Күннен төмен бір елі.
Көк Каспийдің толқынынан
Тербетілген үнемі,
Бұйра-бұйра құмдарынан –
Жайлауымнан сүбелі!
Сəлем саған,
Миуа бақтан,
Жүзімжайдан гүлденген.
Келдім ұшып шалғай жақтан,
Достық даусың кел деген.
Əкел қолды!
Орманыңды
бір кезейін күнде мен,
Қызыл алма – бауларыңды
Аралайын бірге мен!
Көремін де қуанамын
бұлтсыз биік көгіңді,
Көремін де қуанамын
толқын жалды егінді.
Көремін де қуанамын
Ригаңды – төріңді
Көкті тілген күмбездері
көтереді көңілді.
Үшкір найза күмбездері
тұрса таңнан нұр тілеп,
Арман құсын ұшыратын
Алтын ұя – əр жүрек.
Уа достарым, өздеріңмен
қалдым жəне бір түлеп,
Зергерміз ғой бəріміз де,
Бақыт-бақыт! Ой-тілек!





Пікір жазу