meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.10.2022
  135


Автор: Түрікмен поэзиясы

СЫБЫЗҒЫМ МЕНІҢ

Дүниені əнге толтыр да,
Шырқашы менің сыбызғым.
Үніңді бүкіл ел тыңдап,
Масайрап бақсын күнұзын.
Бұлбұлдай сайра, сорғала,
Əлемге тарат даусыңды.
Тоқтама бір сəт сонда да,
Тыңдасын халық бар сырды.
Жаңа бір ырғақ, жаңа əуен
Сергітсін мұңды жан болса.
Сыбызғым, кəне, тебірен,
Құлақтың құрышы қанғанша.





Пікір жазу