06.10.2022
  132


Автор: Түрікмен поэзиясы

МҰРҒАБ ЖАҒАСЫНДА

Елім – үлкен абат бақ,
Халқым – бостан,
Өмірі шат.
Біздің жастар – сол бақтың
Гүлдеріндей бейне нақ.
Жас инженер маңайды
Жіті көзбен барлайды.
Кеме рулін ұстаған
Капитаннан аумайды.
Асау өзен шарқ ұрар,
Жарды соғып, арқырар.
Сол асауға
Инженер
Бұғалық сап, ол тұрар.
Бір басында бəрі бар,
Айла, ақыл табылар.
Асау Мұрғаб ақыры
Жас жігітке бағынар.
Өзен суын ноқталап,
Жан-жағынан қақпалап,
Алып келді жетелеп,
Егістікке бақша-бақ.
Төккен тері – көл десек,
Еткен ісі – елге сеп.
Еңбегі зор ерен жан,
Шөлді жеңген ер кесек.
Астық тұнған дала сəн.
Көзің тояр қарасаң.
Көмейінен құстардың
Құйылады тамаша əн.
Асау Мұрғаб ағынды,
Толқын атып лағылды,
Адам күшін мойындап,
Еркіне оның бағынды.
Мұны істеген адамдар
Істің жайын бағамдар.
Еңбегінің жемісін
Еліне арнар ал олар.
Мұрғаб суы – əр үйде,
Сумен бірге – əн-күй де.
Одан шөлін қандырар
Жер де,
Қарт та,
Сəби де.





Пікір жазу