06.10.2022
  154


Автор: Түрікмен поэзиясы

СҮЙІКТІМ МЕНІҢ СОНА...

Ғажайып көркіңе
Ұрланып қараймын.
Бағынып еркіңе,
Ізіңді санаймын.
Өзіңді көргеннен
Жанымды баурадың.
Сəулелі бейнеңнен
Көзімді алмадым.
Қарасаң күлімдеп,
Көзің нұр шашады.
Қолдарым дірілдеп,
Дегбірім қашады.
Жазған бұл хатымды
Сырым деп біл, Сона.
Бір сенің атыңды
Жыр етем, нұр Сона.
Сен жайлы əн арман,
Сан дастан жазылар.
Сыртыңнан қадалған
Талайдың көзі бар.
Жаманға олжа боп
Кетпеші, бол аман.
Хатыма бір жауап
Күтемін, Сонажан.
* * *
Хатты оқып Сона
Тың
Сезімге батқандай.
Көгаршын қанатын
Болады қаққандай.
Сол сəтте киіз үй
Есігі ашылып,
Кірді Анна,
Ал Сона
Абдырап, асығып,
«Келіңіз», – деп қалды,
Төрге оны оздарып.
Ал жігіт тоқталды,
Аруға көз бұрып.
Тапжылмай тұр əлі,
Өзі де аңғармай.
Жігіттің тіл-аузы
Байланып қалғандай.
Киіз үй ішінде
Екі гүл нұр шашты.
Ақынның түсінде
Екі жыр ұйқасты.
Сонаның көздері
Сəл төмен түсуде.
Айтатын сөздері
Сайрап тұр ішінде.
Анна да тілсіз тұр
Аузынан, сөз шықпай.
Тесіліп, қарап құр,
Арудан көз алмай.
Бір кезде тіл қатты
Қимылдап ерні əрең:
«Шақырған екенсің...
Өзіңнен зор дəмем».
Қыз бетін
Шытымен
Қалқалап отырды.
Əйтсе де көзінен
Терең сыр оқылды.
Доғаша иілген
Қыз қасы дір етті.
«Махаббат жалыны
Жайлады жүректі...–
Деп жігіт сыр ашты. –
Дəл менше жан адам
Өзіңді сүйе алмас,
Мендіксің Сонажан».
Қыз жүрегі лүпілдеп,
Кеудесіне сыймады.
Қос анары бүлкілдеп,
Бір орында тұрмады.
Өткір пышақ ұшындай,
Тырсылдатты көйлегін.
Сол сəт бақыт құсындай
Пыр-пырлатты ой легін.
Жуан бұрым тоқпақтай
Кеудесіне құлады.
Екі ғашық тіл қатпай,
Үнсіз ұғыс қылады





Пікір жазу