06.10.2022
135

СҰРАҢДАР
Қандай қиын күндерді бастан кештім,
Оны – өткен жылдардан сұраңыздар.
Құмда аяз, ыстыққа арқа тостым,
Оны – сол бір құмдардан сұраңыздар.
Таудан құлап, басымды тасқа соққан
Сəттерімде таяқ жеп жерден сірə,
Гүлге ұқсатып, үзілген сабағынан –
Мені ұшырып əкеткен желден сұра.
Қазына байлық жимадым
Бір қарынның
Қамын ойлап, өтсе де күндер ызғар.
Мен кімдерге сыйладым жырларымды –
Оны құрдастарымнан сұраңыздар.
Атакопек, еліңді мығым сүйдің,
Болса дағы пенделік кінəміз бар.
Бал арасы секілді шырын жидым,
Бұл туралы гүлдерден сұраңыздар.