06.10.2022
  125


Автор: Түрікмен поэзиясы

РОССИЯ ПЕЙЗАЖЫ

Белестері бақшаменен безелген,
Селендері тізелескен, тізілген.
Төңірегі көк қурайы тізеден,
Орыс деген ұлы еңбекші елі бар.
Селендері ойға, қырға таралған,
Əсем бағы жер көркіне жаралған,
Арудай боп суда құсы таранған,
Ағын сулы өзені мен көлі бар.
Тың жері бар нелер тұқым егілер,
Бидай, сұлы, жүгерілер себілер,
Үш жыл сайын ауыспалы егіндер,
Үй айнала желкілдеген гүлі бар.





Пікір жазу