06.10.2022
  99


Автор: Түрікмен поэзиясы

ҚАЙЫҚПЕН САПАР

Шайқалып теңіз, бұлқынып, толқып,
Ие ме басын, сəлемін жолдап.
Жағамен жиі дауласып, шоршып,
Жартасты жаншып, гүрілін жалғап.
Беймəлім заңың жұмбаққа толы,
Құпияң көп-ау жеткізбес шегі.
Адуан Каспии, айтсаңшы соны,
Түбіңде терең жасырдың нені?
Жартасқа биік жанаса келіп,
Бұқпалап бойын жасырады аңдай.
Қайтадан оқыс ашуға еніп,
Буалдыр тартар көрінбей маңай.
Қауіп қауіп не қатер қаперінде жоқ,
Тасқынды тіліп, ұмтылады алға.
Жатыр алдында алып көкжиек,
Қайықтар легі келеді жолда.
Жаһанды көлбеп, ауырлап демі,
Ұштасып кеткен ғарышпен теңіз.
Құтырынып жел желкенді керді,
Толқынды серпіп жүзіп келеміз.





Пікір жазу