06.10.2022
  102


Автор: Түрікмен поэзиясы

ӨТІНЕМІН ӨЗІҢНЕН

Алдымда сен, алқызыл түс алалы
Күліп-ойна, өтінемін, əнге кел!
Сөзің дауа жанымызға жаралы,
Сырыңды ақтар, өтінемін, жөнге кел!
Жаратушы гүлдей баптап өсірді,
Көркіңе мен болдым құмар құрбаны.
Көзім жетім көрмесе егер өзіңді,
Өтінемін, қылып алшы өзіңе сен құл дағы!
Қол сермесең жанымды сен аласың,
Кетсең егер жүрегімді жарасың.
Қашан мені аймалайсың, сүйесің,
Қашан бірге түнейтін түн табасың?!
Екеумізге жол бермейді дұшпаным,
Көре алмайды сені сүйіп құшқанын.
Құлың болам, саудалап ал мені сен,
өтінемін, есігіңді аш, құштарым!
Дəулет Мəмет атым менің тануға,
Түніменен, таң атқанда, күн барда,
Шақырамын от болуға, жануға,
Өтінемін, қос жүрекпен қосылайық бірге алға!





Пікір жазу