05.10.2022
334
Әке
Жүрекке жиған Мұңды ұтса жаным,
Жазар ем,жұрт жырымның ұқса бәрін.
Өзге жандар оны тауға ұқсатады,
Мен әкемді аспанға ұқсатамын.
Жалынды,жанарына күн күйіп тіпті,
Алыпты айналаға жиып құтты.
Бұл өмірде сүрінсең жасымауды,
Әкемнен үйренген ем биіктікті.
Жан жылатар шуақты күлкіменен,
Мендік миды алады сілкіп өлең.
Әкем күлсе күледі барлық ғалам,
Ашуланса найзағай күркіреген.
Әкем-аспан!
Мен едім,қара жерің,қиыр далаң,
Көк жүзі бір өзіңсіз қиын маған.
Қате қадам жасап алдын,
Саған қарап өзімді жиып алам.
Азатбек Мұсабеков