05.10.2022
  169


Автор: Түрікмен поэзиясы

КЕДЕЙ

Ұқсадым қара майға мен,
Жабыса кетем жыланып.
Баспалдақ болдым байға мен,
Түйір құм болдым, бұл анық...
Жуандар қарыз беріп ап,
Дікілдер: «Жылдам төле!» деп.
Ұры азғын, жəлеп бір бейбақ,
Бəрінен бай сұм, не керек!
Кедейді құдай қарғады,
Санатқа тіпті алмады.
Қаңғырмас оның жоқ күні,
Əр үйден қайыр сұранып.
Қойнына салып оттығын,
Шылымын жүрер бір алып.
Қайғыдан белі бүгіліп,
Күйеді іші алауша.
Көшерде халық жиылып,
Отырар мылқау адамша.
Жапанда кедей қалады,
Тірілей қаза табады.
Қадірлер байлар байлықты,
Кедейлер – ата мекенді.
Басынан екі қайықтың
Ұстаған суға кетер-ді.
Ынтық көп кедей қызына,
Ол кетер ақыр қолды боп.
Кемине аш, жоқ дəм-тұзы да,
Ішіне бүгін, толды от.
Жапанда кедей қалады,
Тірілей қаза табады.





Пікір жазу