05.10.2022
  136


Автор: Түрікмен поэзиясы

НАЗИРА

Жастық шақта бұл жалғанның жақсылығын –
ғажаптарын көріп бақ,
Қартайғанда со ғажаптан көңілінде
Бір жұбаныш қалады!
Жастық шақта бұл жалғанның тапшылығын –
азаптарын көріп бақ,
Қартайғанда көп азаптан көңілінде
Бір қуаныш қалады!
Өмір деген сұлу қыз ғой, сұлу қызға
Сан ғашықтың бірі боп,
Қол созасың, ұмтыласың, сондықтан да
сарсаңы мол, мұңы көп.
Бірақ, бірақ түңілме сен, өрге сүйре,
өзіңді-өзің алға айда,
Керуен көшіп кеткенменен, кең далада
Ізі сайрап қалмай ма!
Мəнгі тірлік еншің емес, мұны сенен
жасырмайды Кемине,
Құтылмайсың қашқанменен, барар жерің
бақи мекен – о дүние.
Дегенменде нали берме, көзінді тік
келер күнге – шалғайға,
Сен өлгенмен, мұра болып жарық дүние
ұрпағыңа қалмай ма?!





Пікір жазу