05.10.2022
  136


Автор: Түрікмен поэзиясы

СҮЙІКТІМДІ КӨРМЕДІҢ БЕ

Бозторғайлар, қалықтаған көктегі,
Көрмедің бе сүйіктімді сүйкімді?
Сайрауыңнан назыңды ұқтым өкпелі,
Көрмедің бе сүйіктімді сүйкімді?
Ну ормандар жапырақтар жамылған,
Гүл алаңдар сағынышым сабылған,
Кептерлерден, тоты құстан сұраймын:
Сүйіктімді көрмедің бе сағынған?
Сағыныштан бұлбұлдар да сайраған,
Жанымменен сүйем оны жайнаған.
Қыран құстан жауап күтем, жəрдем бол:
Сүйіктімді көрдіңдер ме, сай маған?
Алып таулар алыстағы тұлғалы,
Таутекелер көшіп жүрген қырдағы,
Бау-бақшаны мекен қылған көп құстар,
Сүйіктімді көрдіңдер ме сырғалы?
Шейдаи, шыдай алмай жай ғана,
Сұрақ қоям дəл осылай Айға да,
Сенубер, Гүл кездессең айтыңдар:
Сүйіктімді көрмедің бе айнала?





Пікір жазу