05.10.2022
  127


Автор: Түрікмен поэзиясы

Наурыз келді

Наурыз келді – бар əлем бүгін гүлденді.
Раушан гүл жайлы бұлбұлдар сайрап түрленді.
Масайрап бүгін жүрекке шаттық құйылды,
Жадырап жандар махаббатқа сүйінді.
Бақыт бағы гүлдерден көйлек киінді.
Наурыз келіп, гүлдер де көктеп құлпырды,
Гүлдеді аппақ, қызыл, алтын түстер түр-түрлі.
Жер менен көк гүлдерге түрлі қайырылды,
Тамсана тағы таңданып, еркінен бəрі айырылды,
Жадырап жандар нұрға бөленді қайырымды.
Алқызыл түс наурыздағы қайықта:
Лағыл еріннен балшырын бұлақ ағады.
Жасыл қайың, шөлің қалсын қанып та,
Қарағай оған оқтай кірпіктерін қадады.
Ғашықтарың саған бүгін өлермен боп барады.
Жасыл бақтарда қылықты қыздар қыдырып,
Раушан гүлдей жүректері құлпырған.
Айға нұрын шашқандайын құбылып,
Есеңгіреді Шейдаи сұлулыққа нұр тұнған,
Сұлулыққа сүйсініп, су тамады ұртыңнан.





Пікір жазу