05.10.2022
160

ҚҰПТАЙДЫ
Ер жігіттің есінен
Ереуіл ат шықпайды.
Бостандық сүйген есіл ел
Батырлықты құптайды.
Қара алды-артыңа,
Көз сал жас пен қартыңа,
Сөзіңді сал талқыға,
Сөзіңді ел ұққай-ды.
Өмір қысқа, шама жоқ,
Ажал келсе – шара жоқ.
Жан-жағыңа қарап өт –
Пенде есептен ұтпайды.
Жастық өтер, жас толар,
Көсем елге бас болар.
Жанып тұрса қос жанар
Ерлер қабақ шытпайды.
Өз еркіммен лəм демен,
Ертеңіме қам жемен.
Амалы жоқ жан деген,
Неге жылап-сықтайды?
Мақтымқұлы, азалан,
Кім құтылар жазадан –
Жақсы-жаман бар адам
Қыл тұзақтан шықпайды.