05.10.2022
  178


Автор: Түрікмен поэзиясы

ШАХ ТУРАЛЫ НАҚЫЛДАР

Шах шайпау боп, шашыраса жанарда от,
Қаны кеуіп, бұқараның жүрегіне қадалды оқ.
Тамырларда қан жүрмейді, рухы құлап жандар да,
Иманы жоқ шахтан қорқып аңырайды аңдар да.
1
Ертеректе, ел тынышта санат шақ,
Нөкерлерден бөлектеніп Қабат шах,
Келе жатса оған-бұған алаңдап,
Құм далада кездеседі қараша үй қараңдап.
Қараша үйден шығып кемпір, шах ұлды
Бəйек болып шатырына шақырды.
Дұға оқып, құлдық етіп дауалы,
Қонаққа арнап кемпір сиыр сауады.
Сиыр сүті ағыл-тегіл құйылды,
Шамданып шах: «Салық төле, сиырға!» деп бұйырды.
Таңда кемпір келді сиыр сауғалы,
Сауым аз боп, жанардан жас саулады.
Шах күлімдеп сұрады: «Жөн бе, кемпір, жанардан жас төккенің,
Себебі не тағдырыңа назаланар өкпенің?»
Сонда кемпір жауап берді кемсеңдеп,
Шахқа қарап: «Əй, қарағым, сенсең!» – деп,
«Аярлығы шахтың бəлкім, сүт шықпады бүгін де,
Күллі тірі қорқыныштар күлге айналар түбінде.
Ей, шах, білетін бол! Зорлық пенен зомбылықтар қоздырды,
Құртып жердің құнарлығын тоздырды.
Мырза, сенің кесіріңнен кеуіп жер де қара ала,
Егін қурап, бақтар өлді меңіреу маң далада.
Ел де кедей кесірінен шахтардың,
Кебек құмдай кепті жерім, құдайым, тек сақтағын!».
2
Заңға айналса шахтың егер ермегі,
Онда оның ақылсыз боп өлгені.
Махмуд шах бұйрық етті, жария етуге пəрменді:
«Ақымақтар патшасын табамын деп кəрленді».
Оқылды пəрмен, қаумалап қара ой халықты,
Кім болды ол деп жабырқау көңіл жабықты.
Мінеки, бірін ұстап əкеліп қамады,
«Кім екен ол?» деп даурығып бəрі қарады.
Қараса ақымақ бұтаққа құстай қоныпты,
Өзі отырған бұтақты балталап, шауып, жоныпты.
Міне, нағыз ақымақ! Бұтақты шауып көрмекші,
Құласа бұтақ, жаны ұшып өзі өлмекші.
Ақымақты жұрт сарайға апарды шуылдап,
«Ақымақтар патшасы осы!» – деп ақырды дуылдап.
Өзі отырған бұтаны отаған ол астында,
Одан өткен ақымақ та болмас расында.
Еліңді қанап, қысымға алсаң егерде,
Онда, ей, шах! Бұтаны отап шапқаныңа сенем де!
3
Ақымақтық жасаса егер шах біліп,
Жүрегіне оның шаншылады оқ кіріп.
Самарқанның шахы болыпты əйгілі,
Өз еліне күні-түні қауіп қылған қайғылы.
Бір күні ол отырғанда өз тағында,
Кенеттен оқ қадалды қас қағымда.
Жан-жақтан жұрт анталап кеп жиылды,
Қараса оның жаны үзілді де қиылды.
Қараса халық шах өліпті аяқасты жан беріп,
Қиянат көп жасаған ол тірісінде сан жерік.
Бір Аллаға сабыр етіп суынып,
Кеудесінен жебені алды ел суырып.
Сол жебеде отпен былай жазылыпты өрлі екпін:
«Құлағың сал, тағдыры осы жендеттің!».





Пікір жазу