Рубаилар
* * *
«Мəңгі нұр – шырақпын, тозаң боп көрінген сырт көздерге» дедім мен.
«Барлық заттардың мəні тоғысқан мен айтқан сөздерге» дедім мен.
Түсінбесін, барша жұрт тіпті де сенбесін, мейлі:
«Алла – менде, мен өзім – Алламын, сезгенге» дедім мен.
* * *
Бұл дүниені ұғу үшін таң-тамаша қалу керек,
Ғашық нұрын тану үшін қапасқа жан салу керек.
Сұлтан болып, үміттенсең Хақ дидарын көремін деп
Тақтан түсіп, тəжді тастап, бас азаттық алу керек.
* * *
Сені сүйдім – одан асқан азап, қайғы, не дерт жоқ,
Дүние кездім көңіл делбеп, жан жұбатар себеп жоқ.
Кез келгенге айттым соны: сенің балдай ерніңнен
Басқа мендей ынтызарға дəру-дəрмен, медет жоқ.
* * *
Басқа жанның гүл-бағына киіп-жарып кіріп бардым,
Сұлулыққа көз арбалып, мəңгіргендей тұрып қалдым.
Еңкейіп бір лала гүлі сыбырлаумен назын айтты:
«Мəнді мезет – зу етіп тез өтер-кетер осы шағың».
* * *
Мен – мəңгі-бақимын, шегі жоқ, шексіздік ісімін.
Мен – əз жаралған, жаратқанның өз күшімін,
Мен – аспаз, танымның тостақанын толтырған
Мен – сəуле,меңгерген əр жүрекке шуақтың түсуін.