05.10.2022
128
Түркі перизат
Бұл қай қылығың, əй, түркі перизат,
Құзырыңнан қайтсем де болмадым азат.
Тым өткір жанарың қан төгу үшін
Құдды бір ұстара – қайралған болат.
Шарасыз көңілдің сарайы сенен
Шабытты құсамен тапты жыр – бинят.
Кезбедей сандалып жүруді мұндай
Жаһанда қылмады Немруд-Шетдат.
Кел, əй, Шырын қыз, ғашықтың жайын ұқ,
Мен едім үздіккен бейшара Перхат.
Назарың сал мына ойран көңіліме, шах,
Ойранның соңын сен қылғайсың абат.
Несими, атыңды жая бер жаһанға,
Олардан кейінге қалды ғой бір ат.